COVID-19. Бразилияда бір тәулікте 40 мыңға жуық жағдай тіркелді 

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты 39 436 адам жұқтырған. Науқастардың жалпы саны 1 145 906-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости.&nbsp;</h4>

 24 Маусым 2020 2020, 09:50
24 Маусым 2020 2020, 09:50
1706

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты 39 436 адам жұқтырған. Науқастардың жалпы саны 1 145 906-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости. 

Өткен 24 сағатта 1374 науқас көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болған науқастардың жалпы саны 52 645-ке жеткен. Бұған дейін Бразилияның федералды соты ел президенті Жаир Болсонаруды қоғамдық орындарда медициналық маска киюге міндеттеген еді.

Айта кетейік, коронавирус індетіне әлем бойынша 9,1 млн адам шалдықты. Оның 4,5 млн-ы сауығып кетсе, 473 мыңы көз жұмды.
Наверх