COVID-19: Биыл Жамбыл облысында індеттен 200-ге жуық адам қайтыс болған

10 Қыркүйек 2021, 17:11
4922
Бөлісу:
COVID-19: Биыл Жамбыл облысында індеттен 200-ге жуық адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев хабарлады. Оның айтуынша, облыс аумағында жалпы індет басталғалы бері 18836 жағдай тіркелген.

Сондай-ақ 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 1654-ті құраған.

Биыл 1 қаңтардан бастап 10 қыркүйекке дейін облыс аумағында коронавирус инфекциясын 13829 адам жұқтырған. Оның ішінде, 1005 жүкті әйел, 3601 бала стационарлық ем алды. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 1214-ті құрады. Симптоматикалық ағымы бар - 11 044, симптомсыз ағымы бар - 2785 науқас. Бүгінгі стационарда ем қабылдап жатқан жүкті әйелдердің саны – 36, соның ішінде, 7 адам реанимацияда жатыр, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар босанғаннан кейін – 10, одан бөлек, 19 жүкті әйел ем қабылдап жатқан көрінеді. Амбулаторияда – 40, оның ішінде 12 бала, стационарда 21 адам індеттен емделуде.

Өткен тәулікте 25 жағдай тіркеліп, 5,3%-ға төмендеді. Пневмонияның 31 жағдайы тіркеліп, алдындағы тәулікпен салыстырғанда 35%-ға азайды. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда, COVID-19 аурушаңдық көрсеткіші 87 жағдайға азайғанын, 13%-ға төмендегенін байқадық. Өкінішке қарай, коронавирустан биыл 188 адам қайтыс болды, - деді Алмас Мәдиев.

Өзгелердің жаңалығы