COVID-19. Биыл ҰБТ қалай өткізіледі?

11 Маусым 2020, 18:31
2369
Бөлісу:
COVID-19. Биыл ҰБТ қалай өткізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-ға дайындық барысы туралы айтып берді.

ҰБТ тестілеу биыл 17-рет өткізілейін деп отыр. Дайындық жұмыстары жоспардағыдай ұйымдастырылуда. Осы уақытқа дейін тестілеуге 2 млн-ға жуық адам қатысқан. 2020 жылдың ҰБТ-ның форматы өзгермейді. Қағаз түрінде өтеді. Тестілеуге қатысу үшін 131 755 өтініш тіркедік, оның ішінде биылғы мектеп бітіруші түлектер саны - 111 109 өтініш. Бұл биылғы мектеп бітіруші түлектердің 82 пайызын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, 11 пайызға өсті. ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін өтеді. 161 пунктінде, - деді Дидар Смағұлов.

Ол пандемияға байланысты бірқатар өзгеріс ензілгенін айтып, түлектердің ата-аналарынан кешірім сұрады.

Пандемияға байланысты қандай өзгерістер бар? Бірінші кезекте барлық ата-анадан кешірім сұраймыз. Осы жылғы ҰБТ өткізу пунктіне ата-аналар өткізілмейді. Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты көпшіліктің жиналуына тыйым салынған. Көпшілік жиналған жер балалардың денсаулығына, қауіпсіздігіне әсер етеді. Аудиторияларды онлайн көруге мүмкіндік болады. Барлық сілтемені ресми сайтта, әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Барлығына қолжетімді болады, - деді ол.

Карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты ҰБТ қалай өткізіледі?

- Елдің барлық аймағында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі;

- Ғимаратқа кіргізу кемінде 2 метр арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалық режимде жүзеге асырылады; 

- Дезинфекцияның бірінші кезеңі сыртқы киімдерді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы туннель арқылы өту;

- Одан кейін тестіленуші аяқ киімін және қолын санитайзермен залалсыздандырады;

- Келесі кезеңде тестіленуші термобақылаудан өтуі тиіс;

- Тестіленушіден дене қызуы анықталған жағдайда, оған кезекші медициналық қызметкерлердің бригадасы шұғыл көмек көрсетеді;

- Тестіленуші сәйкестендіруден өтеді. Тексеруші мен тестіленуші арасындағы арақашықтық сақталады;

- Медициналық санитарлық бақылаудың барлық кезеңінен өткеннен соң тестіленушіге респираторлық маска беріледі;

- Тестіленуші өз денсаулығының қанағаттандырарлық жағдайын, ҰБТ өткізу ережесімен танысқандығы және тыйым салынған заттарды алып кіру үшін жауапкершілігін растап, қол қояды;

- Келесі кезең метал іздегіштен өту, тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестіленуші тестке кіргізілмейді;

- Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орналастырылады;

- Заттардың бетіне қол тигізуді барынша болдырмау үшін, дәліздер мен аудиторияларда барлық есік ашық болады;

- Аудиторияда тестіленушілерді отырғызу 2 метр арақашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады. Аудитория үнемі желдетіліп тұруы тиіс;

- Тыйым салынған заттарды алып кіргендігі және қолданғаны үшін тестіленуші аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылады;

- Сонымен қатар, тестілеуден кейін барлық бейнежазба қаралады, тыйым салынған заттарды қолдану фактілері анықталған жағдайда тестілеу және конкурс нәтижелері жойылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы