COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

19 Қазан 2020, 13:28
2323
Бөлісу:
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем коронавирустың алғашқы толқынын еңсеріп, екінші толқынға дайындықты бастады. Күзде жіті респираторлық вирусты инфекцияның өршитін кезеңі. Болжам бойынша, коронавирус та осы кезеңде күшейіп кетуі мүмкін. Болжанғандай, әлемнің көп елі локдаунды қайта енгізіп жатыр.

ДДСҰ Еуропаны алдағы айларда өлімнің болжамды өсуі туралы ескертіп, вакциналарға тым көп сенбеуге шақырды.

Бірқатар елде індетті жұқтырған науқас саны көктемнің ең жоғары көрсеткіштерінен асып түсті.

Қазір адамдар мұндай жағымсыз жаңалықтарды тыңдағысы келмейді. Мен оны түсінемін. Бірақ қазан-қараша айларында біз өлімнің өскеніне куә боламыз, - деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры, бельгиялық дәрігер және денсаулық сақтау саласының маманы Ханс Анри Клуге коронавирус пандемияның дамуы туралы осындай болжам жасады.
Германия
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Қазіргі уақытта Германияда COVID-19 жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. Қыркүйектің екінші аптасында инфекцияның жаңа күнделікті жағдайларының саны 1000-1900 аралығында болды (наурыз-сәуір айларында ол 6000-нан асты), күніне 9 адамнан аспады (көктемде күнделікті көрсеткіш 300-ге жетті).

ФРГ канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, Германия пандемияның өте ауыр кезеңін бастан өткеріп жатыр, ол шамамен алты ай бұрын басталғаннан тезірек таралады.

Салыстырмалы түрде тыныш жаз артта қалды. Енді қиын айлар болады. Біздің қыс пен Рождество қандай болатыны алдағы күндер мен апталарда шешіледі. Біз қазір вирустың бақылаусыз таралуын болдырмас үшін бәрін жасауымыз керек. Әр күн маңызды. Әрбір адам минималды стандарттар мен гигиена ережелерін сақтау арқылы инфекцияны азайтуға көмектесуі керек, - деді ол.

Роберт Кох институтының мәліметінше, 17 қазан күні таңертең Германияда жұқтырғандардың күнделікті өсуі бойынша жаңа антирекорд орнатылды. Ол - 7830 адам. Бұл пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш. Бір күн бұрын Германияда инфекцияның 7334 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен сенбіде Германияда коронавирустың 4721 жаңа жағдайы анықталған болатын. 

Пандемия басталғаннан бері Германияда кем дегенде 356 378 науқас тіркелді, оның ішінде 9767 адам қайтыс болды.

 

Чехия
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Пандемияның екінші толқынының өсу қарқыны Чехияның денсаулық сақтау министрі Адам Войтехті таң қалдырды. Өз еліндегі өткен екі аптаға қарап, ол демалыс күндері жұқтырғандар санының тез және кең көлемде өсуін ешкім күтпегенін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша Чехияда COVID-19 расталған жағдайларының саны 11,1 мыңнан асты.

Чехияда үшінші күн қатарынан күніне жұқтырғандардың анықталған саны бойынша рекорд орнатылды. Жалпы пандемия басталғаннан бері елде 160,1 мыңнан астам науқас тіркелді, олардың ішінде 1,2 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялардың шарықтау шегі тағы екі аптаға созылатынын болжап отыр, кейін қатаң шектеу шараларының нәтижесінде төмендейді деп санайды.

Сарапшылардың айтуынша, егер шаралар нәтижесін бермесе, айдың соңында Чехиядағы науқастар саны миллионның ширегіне жетуі мүмкін.


Франция
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Францияда күніне 32 мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр. Елдің тоғыз өңірінде, оның ішінде Парижде коменданттық сағат жарияланды. Әзірге ол 4 аптаға енгізіліп отыр. Қашан алынатыны COVID жағдайына байланысты болады. Түнгі өмір, мейрамханалардағы жиналыстар, бәрі шектелді. Кешкі сағат 9-да тұрғындар үйде болуы керек.

Жалпы пандемия әдеттегі өмір салтын қайтадан өзгертеді, сондықтан қатаң шаралар енгізілгенге дейін көптеген адам соңғы рет серуендегендей жүрді.

Париж қараңғы және бос. Өткен көктемде карантин кезінде болған сияқты көшелерде тыныштық. Көшеде кеш уақытта жүргені үшін тұрғындарға 135 евро айыппұл салынады, - дейді Париж тұрғыны халықаралық агенттікке берген сұхбатында.


Ресей 
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Ресейде коронавирус жұқтырған адамдар саны 1 399 334-ті құрады.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елде анықталған COVID-19 оқиғаларының көбеюіне қалай әсер еткенін айтты.

Шынында да, Кремль мұндай статистикаға алаңдайды. Біз індеттің қатты таралғанын көріп отырмыз, сондықтан барлық адамды ұзақ уақыт сақталмаған қатаң сақтық шараларын сақтауға итермелеу үшін өте күшті шаралар қабылдануда, мойындау керек, — деді Песков.

Ол аурудың қазіргі динамикасына қарамастан, билік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.


Қазақстан
COVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Өткен тәулікте 29 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазақстан да шектеу шараларын күшейтіп жатыр. Жексенбі күні қоғамдық көлік тоқтатылды. Кафе, мейрамханалар мен қызмет көрсету орталықтары, сауда орталықтарының уақыты шектелді. Сондай-ақ өзге елдермен әуе қатынасын жаңғыртуды тоқтата тұру. Әуе қатынасы жаңғыртылған елдермен арадағы рейстер санын көбейтпеу, Түркия елі бағытындағы рейстер санын азайту шешімі қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы