Cолтүстік пен шығыста бұрқасын мен көктайғақ күтіледі

19 Қараша 2021, 08:00
1283
Бөлісу:
Cолтүстік пен шығыста бұрқасын мен көктайғақ күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 19-шы қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте, шығыста, орталықта – бұрқасын, батыста – көктайғақ күтіледі. Тек оңтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын, түнде облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде және шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасынмен желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік–батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы