Былтыр еңбек нарығындағы ахуал қандай болды?

27 Наурыз 2021, 16:01
1581
Бөлісу:
Былтыр еңбек нарығындағы ахуал  қандай болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер.

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 76,6% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің саны 2 млн адамды немесе 23,4% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,3% (2019 жылы – 91,1%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,7% (2019 жылы – 8,9%) құрады, - делінген Ұлттық статистика  бюросының  хабарламасында.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, сәйкесінше ерлер арасында – 4,4%, әйелдер арасында – 5,4%.
15-28 жастағы* жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% құрады.

NEET жастарының үлесі – 7,1%.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың соңына 141,8 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,5%-ын (2019 жылы – 1,1%) құрады.

Өзгелердің жаңалығы