Былтыр қаржы министрлігінде 1815 адам қысқартылды

12 Маусым 2020, 15:13
2127
Бөлісу:
Былтыр қаржы министрлігінде 1815 адам қысқартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беру кездесуінде министрлікте штат саны 1815 бірлікке оңтайландырылғанын айтты. 

Министрлік өте ауқымды. Әрбір 5-ші мемлкеттік қызметкер қаржы министрлігінде жұмыс істейді. Былтыр мемлекет басшысының тапсырмасымен қаржы министрлігінің штат саны 1815 бірлікке оңтайландырылған болатын. Қазір бірлік саны 17 978-ге тең. Қазір 22 департамент, 4 басқарма және 5 комитет, 5 министрлік жанындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар бар, - деді министр. 

Жамаубаев былтыр екі комитет қосылып, қазынашылық комитет құрылғанын айтты. 
 5 ведомстволық бағынышты ұйым болған, қазір 4-еуі қалды. Қаржы академиясы білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілді. Қаржы министрлігінің негізгі міндеті – экономиканы орнықты дамыту, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру бойынша стратегиялық міндеттер мен тапсырмаларды іске асыру. Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұстанамыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы