Бас жаңалықтар
Былтыр 500 киіктің мүйізі тәркіленді
18 Маусым 2019, 11:47 257

Былтыр 500 киіктің мүйізі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров киіктерді ату фактілері азаймай тұрғанын айтты. Бұл туралы ол «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан есеп беру кездесуінде мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, 2017 жылы киіктер саны – 152 мың басқа, 2018 жылы 215 мыңға жетіп, өсім 41%-ды құраған. Сондай-ақ ол киіктерді ату фактілері тоқтамай тұрғанын атап өтті. 

«2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйіздері тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі, онда браконьерлікпен күресу жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделді», - деді ауыл шаруашылығы министрі есеп беру кездесуінде.

Ведомство басшысы жануарлар дүниесі саласында тауарлық балық өсіру көлемі өсіп, 2018 жылы балық өсіретін кәсіпорындар 3400 тонна тауарлық балық өсіргенін айтты. Бұл көрсеткішті 2021 жылға қарай 5 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық