Бас жаңалықтар
Бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші туралы жаңа деректер пайда болды
04 Мамыр 2019, 12:59 973

Бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші туралы жаңа деректер пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде балабақшада балаларды соққыға жыққан тәрбиеші туралы видео тарап кеткен болатын. Бұл қылмысты қалалық ПД мен Білім беру басқармасы ерекше бақылауға алды. Оқиғаның мән-жайы туралы және оның қалай аяқталғаны туралы Алматы қаласының Білім беру басқармасы айтты. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бейнеролик тарап кетті. Онда балабақша тәрбиешісі төсекте жатқан баланы жұлқып тартып алып, басқа бөлмеге апарады. Ізінше екінші бүлдіршінді де дәл сол бөлмеге алып кетеді. Кейіннен балалардың жылағанына қарамастан, тәрбиеші оларға бірнеше рет аяусыз соққы жасаған. Бұл іс бойынша Полиция департаменті тергеу амалдарын бастап кетті.

Оқиға Алматы қаласының №37 ясли-балабақшасында орын алған. Қалалық Білім беру басқармасында №37 ясли-балабақшасында болған оқиғаның мән-жайы туралы және оның салдары туралы айтып берді. 

«2 мамыр күні 1-ші кіші топтың тәрбиешісі педагогикалық қызметке сәйкес келмейтін құқықбұзушылыққа жол берді. Баласының беті көгергенін байқаған ана мамырдың 3-і күні балабақша меңгерушісіне барған. Зардап шеккен баланың анасы мен балабақша меңгерушісі 2 мамыр күнгі бейнежазбаны қарап шыққанда қол жұмсау фактісі анықталған. 3 мамыр күні тәрбиеші ҚР ЕК 52-бабы, 14-пункті бойынша жұмыстан босатылды. Осы факті бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымының ұжымына жиналыс өткізілді. Қызметкерлерінің іс-әрекетіне бақылауды бәсеңдеткені үшін мекеменің меңгерушісіне сөгіс жарияланды. Балабақша жұмысы қаланың Білім беру басқармасында ерекше бақылауға алынды», - деді Білім беру басқармасындағылар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық