Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді соққыға жыққан

4 Мамыр 2019, 11:51
2854
Бөлісу:
Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді соққыға жыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде екі кішкентай бүлдіршінді ұрып жатқан тәрбиешінің видеосы көпшіліктің наразылығын туындатты. Бұл қылмысқа қатысты Алматы қаласының полицейлері түсініктеме берді. Соққыға жығылған баланың анасы өткен түні полицияға арыз жазды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

«Бұл қылмысқа қатысты Алатау ауданы Полиция басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен балалардың бірінің анасы өткен түні арыз жазды. Аталған дерек ҚР ҚК 140-бабы, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Балабақшаның 35 жастағы тәрбиешісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада аталған қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі», -  делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бейнеролик тарап кетті. Онда балабақша тәрбиешісі төсекте жатқан баланы жұлқып тартып алып, басқа бөлмеге апарады. Ізінше екінші бүлдіршінді де дәл сол бөлмеге алып кетеді. Кейіннен балалардың жылағанына қарамастан, тәрбиеші оларға бірнеше рет аяусыз соққы жасаған.
Өзгелердің жаңалығы