Бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр

20 Маусым 2019, 10:28
2516
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай, елордадағы Еуразия ұлттық университетіндегі тест тапсырушыларға ҚР Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов келіп, түлектерге сәттілік тіледі. 

"Бүгін еліміз бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл - алғашқы лек. Жалпы, ҰБТ қатарынан 9 күн өтеді. Осы уақыт аралығында 117 242 түлек тапсыратын болады. Өздеріңіз көріп отырғандай, балалардың көңіл күйі жақсы. Олар биыл осы жерде алдын-ала екі рет тест тапсырып көрген. Тексеріс қатаң, ұялы байланыс желісі өшірілген. Мен өзім ҰБТ процесінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, жан-жақты дайындықпен келеді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында осы университетке 600 бала келіп отыр. Дәл осы жерде. Біз сәттілік тіледік. Балаларымыз қобалжымай, жақсы тапсырады деген үміттеміз", - деді Асxат Аймағамбетов.

Бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр

Айта кетейік, ҰБТ-ға барлығы 117 242 адам қатысады, оның 96 мыңнан астамы биыл мектеп бітірген түлектер. Мемлекет бакалаврға - 53758 мың грант, магистратураға - 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.

Осыған дейін ҰБТ-ға телефонмен келіп жатқандар көп екені туралы хабарлағанбыз.

Бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр
Өзгелердің жаңалығы