Бүгін Халықаралық отбасы күні

15 Мамыр 2021, 11:01
2400
Бөлісу:
Бүгін  Халықаралық отбасы күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күніні атап өтеді. Атаулы дата алғаш 1993 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен бекітіліп, осыдан 17 жыл бұрын 1994 жылы мерекеленді. Халықаралық отбасы күнінің мақсаты - қоғам назарын отбасындағы құндылықтар мен мәселелеріне аудару.

Қазақстандағы отбасы инситуты

Халқымыз ежелден отбасы мәселесіне ерекеше назар аударған. «Отан – отбасынан басталады» деген сөзінің өзінде терең мән жатыр. Бұл қағидат бүгінгі күні де өзгерген жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. Ал қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында елдегі демографиялық, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне жіті назар аударып нақты тапсырмалар берді. 

Осының нәтижесінде биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылып, жыл сайын бала сүю бақытына қол жеткізе алмай жүрген жандарға жасанды ұрықтандыруға жеті мың квота бөлінетін болды. 

Сонымен қатар, «Біз кәмелетке толмаған балаларға көрсетілген зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті айтарлықтай қатаңдаттық. Алайда бұл мәселе әлі де өзекті. Ондай қылмыскерлер одан да қатаң жазаға, кешірім жасау құқығынсыз, мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазаға лайық. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде қамалуы керек. Әрбір іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында болуы тиіс", - деді ол.
Елімізде өткен жылдан бері «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қоғамның қызу талқысына салынып, мемлекет басшысының бақылауына алынды. 

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау, – деп Президент заң жобасын дайындауда қоғам пікіріне назар аударуды тапсырды.

Ел тәуелсіздік алған жылдардан бастап отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық болмысымыздан ажырмау бағытында қыруар шаруалар атқарылды.

Елімізде Неке және отбасы туралы заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды.

Отбасылық қатынастарды жақсартуға, гендерлік саясатқа қатысты әлемдегі маңызды конвенцияларды немесе 12 халықаралық құжатты Қазақстан Парламенті тәуелсіздік жылдары ратификациялады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бекітілді.

Қазақстанда бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған саясат нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Елімізле көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын арту, оларға баспана, білім алу бойынша басымдықтардығ берілуі соның дәлелелі. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі­мізде дәс­түрге айналған.

Өзгелердің жаңалығы