Бүгін – Дүниежүзілік донор күні

14 Маусым 2021, 13:34
2810
Бөлісу:
Бүгін – Дүниежүзілік донор күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – Дүниежүзілік донор күні.

Жыл сайын 14 маусым күні әлем бойынша Дүниежүзілік донор күні ұйымдастырылады.

ДДСҰ пікірі бойынша аталған іс-шараның мақсаты – қауіпсіз қан мен оның компоненттерін құюдың қажеттілігі және ұлттық денсаулық сақтау жүйелері үшін өтеусіз ерікті қан донорлығының маңыздылығы туралы әлемді хабардар ету. Сонымен қатар бұл күн үкіметтер мен ұлттық денсаулық сақтау органдарын тиісті ресурстарды қамтамасыз етуге және ерікті, өтеусіз қан донорлығын кеңейтуге арналған жүйе мен инфрақұрылымды құру үшін негіз қалыптастыруға шақырады.

Қауіпсіз қан және оның компоненттері медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақатаудың маңызды құрамдас бөлігі екені белгілі. Мұндай жұмыс миллиондаған адамның өмірін құтқаруға, сондай-ақ көптеген пациенттің өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұқтаж болған әр адамның қауіпсіз қанға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық мемлекетте қанды тұрақты және ерікті түрде тапсыруға дайын донорлар болуы керек.

ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мәліметінше, COVID-19 пандемиясы қан қызметінің жүмысына, қозғалыстың шектеулі мүмкіндігіне әсер еткеніне және басқа да қиыншылақтарға қарамастан, Қазақстандағы, басқа мемлекеттердегі қан донорлары Қан орталықтарына келіп, мұқтаж болған пациенттер үшін қан тапсыруға келуді тоқтатқан емес.

Өзгелердің жаңалығы