Халық денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес

7 Сәуір 2021, 12:45
5094
Бөлісу:
Халық денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес
EX

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Әділетті, дені сау әлем құрайық» ұранымен өтеді.

7 сәуірде бүкіл прогрессивті адамзат 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. 1948 жылы дәл осы күні ДДҰ жарғысы күшіне енді.

2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Әділетті, дені сау әлем құрайық» ұранымен өтеді.

Адам денінің сау болуы – бұл тұтас ғылым және оның басым бағыттарының бірі - денсаулық мәдениетін қалыптастыру: физикалық, рухани, әлеуметтік бағытта жетілу. Адамның өсуі мен дамуы денсаулық деңгейін диагностикалау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділікті ұстану, жаман әдеттерден аулақ болумен қатар жүруі керек. Себебі, денсаулық – кез келген адам үшін басты құндылық.

Халық денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес. Адамдардың денсаулық жағдайының деңгейі денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету деңгейіне тек 8-10%-ға байланысты екені анықталды. Қалғаны экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемикалық орта, тарихи қалыптасқан мінез-құлық дәстүрлері, тамақтану мәдениеті, тұқым қуалаушылық және адамдардың өзіне, денсаулығына деген көзқарасы сияқты басқа факторлардан қалыптасады. Қазақстанда бұл мәселенің ауқымы бұрыннан белгілі. Сондықтан саламатты өмір салтын насихаттау мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көптеген адам саламатты болу беделді, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану сәнді екенін түсінді. Жастардың басым бөлігі өз денсаулығын сақтауды өмірлік басымдықтардың бірі деп санайды, өйткені саламатты өмір салты - бұл пайдалы, сәнді және имидж.

Денсаулық, ДДСҰ анықтамасы бойынша, бұл аурудың болмауы ғана емес. Денсаулық – бұл толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы. ДДСҰ мәліметіне сәйкес адам денсаулығы 20%-ы өмір сүру ортасымен, 50%-ы өмір салтымен анықталады және оның тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесіне байланысты.

Қоғамның әл-ауқатының өсуіне бйланысты адам денсаулығына келер негізгі қауіп мінез-құлық факторларына қарай ауысады. Яғни, темекі шегу, алкогольді ішімдік ішу, қозғалысы аз өмір салты, ағзадағы холестерин деңгейінің артуы сияқты факторлар. Жоғары қан қысымы, артық салмақ, қандағы глюкозаның жоғары мөлшері сияқты жиі кездесетін проблемалар, қазір метаболикалық болып саналады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің айтуынша, COVID-19 пандемиясы елдер ішінде де, олардың арасында да медициналық қызметке қол жеткізу саласындағы теңсіздікті, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі олқылықтарды, ең бастысы – халықаралық қоғамдастықтың Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарысқа дайын еместігін көрсетіп берді.

Әлем халқының кемінде тең жартысы ең қарапайым медициналық қызметтерді пайдалана алмайды, ал жердің 800 миллион тұрғыны медициналық қызметке өз бюджетінің 10%-ын жұмсайды.

ДДСҰ сарапшылары жаңа коронавирустық пандемия пандемиядан бұрын да жағдайы осал қауымдастықтар үшін ең үлкен соққы болғанын айтады. Халықтың бұл топтары ауру қаупіне көбірек ұшырайды, сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі аз және пандемияны болдырмау үшін қабылданған шаралардың теріс әсерінен зардап шегеді.

Сонымен қатар ДДСҰ-ның айтуынша теңсіздіктің бұл көріністері таңсық емес. Әлемде денсаулықтың орташа деңгейінің, өмір сүру ұзақтығының артуы және мерзімінен бұрын өлім-жітімнің төмендеуі байқалғанына қарамастан, бұл жетістіктер қоғамның түрлі топтары өкілдері арасында біркелкі бөлінбейді. Айырмашылықтар әр жас тобында, ерте жастан бастап қартайғанға дейін де байқалады. Жаңа инфекциялық аурудың басталуына байланысты көптеген ауруханалар толып, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету төмендеген. COVID-19 дерті бар бірқатар адам ғана емес, сонымен қатар, онкологиялық және басқа созылмалы аурулары бар науқастар да медициналық көмексіз қалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде 2,5 миллион дәрігер, 9 миллион медбике мен акушер және 6 миллион басқа медициналық мамандықтар бойынша жұмыс істейтін маман тапшы. Мәселе кедей елдерде өткір тұр, бірақ экономикасы дамыған елдерде медициналық кадрлар қалаларда жиі шоғырланған, сондықтан ауылдық және шалғай аудандарда көмек сапасы төмендейді.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде ДДСҰ мемлекеттік биліктің барлық секторларын теңсіздіктің терең себептерін жою бойынша шаралар қабылдауға және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға жұмсалатын ресурстар көлемін ұлғайтуға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы