Депутаттар ерекше тауарларды бақылайтын заң жобасын қарады

7 Сәуір 2021, 12:32
2126
Бөлісу:
Депутаттар ерекше тауарларды бақылайтын заң жобасын қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заңның жобасы таныстырылды. 

«Экспорттық бақылау туралы» заңының жаңа редакциясы «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасы экспортты, импортты, транзитті бақылаудың, сондай-ақ қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар саласында қызмет көрсетудің ұлттық жүйесін жетілдіруге бағытталған. 

Жоба мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қару-жарақтың заңсыз саудасына жол бермеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау, - деп айтты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. 

Жобада ұсынылған жаңалықтар қолданыстағы жүйенің барлық сәйкессіздігін, сондай-ақ шетелдердің озық тәжірибесін ескереді. 

Заң жобасында мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру, рұқсат беру, құжаттарын беруден бас тартуға негіз болатын өлшемдер мен қосымша енгізуде тәуекелдерді бағалау бойынша жаңа тәсілдер қарастырылған. Сонымен қатар рұқсат беру құжаттарының қолданылуын уақытша тоқтата тұру, тоқтату және жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда тәуекелдерді қайта бағалаудағы уәкілетті органның құзыреті белгіленеді, - деп атап өтті ол.

Министрдің сөзінше, мәлімделген мақсаттарда импортталған ерекше тауарларды пайдалануға тиісті бақылау жасау үшін профилактикалық бақылау енгізіледі. Ол кәсіпкерлік Кодекстің жалпы тәртібіне сәйкес іске асырылады.

Профилактикалық бақылау, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз ел аумағында ерекше тауарларды беру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ерекше тауарлардың Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бақылаусыз өткізілуін болдырмау үшін Мемлекеттік кіріс органдарының бақылау жүргізу тәртібін айқындау жоспарланып отыр.

ҚР резиденттерінің қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлармен заңсыз келісімдерге қатысуына жол бермеу үшін аумақтан тыс делдалдық қызметтер мен техникалық көмекке бақылау енгізіледі. Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында атомдық және ядролық бақылауға жататын материалдарды қоспағанда қосарланған мақсаттағы тауарлар экспорты үшін жалпы лицензия енгізіледі. Жалпы лицензия отандық өндірушілерге өнімдерін бірнеше елге және бірнеше контрагентке бір лицензиямен экспорттауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді министр.

Атамқұловтың сөзінше, бұл сыртқы нарықтарда қосарланған мақсаттағы өнімді өткізуді жеңілдетеді.


Өзгелердің жаңалығы