Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

4 Мамыр 2022, 07:20
1120
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республиканың 2 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 4 мамырда Ақтөбе және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, – делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы