Британияда жолаушылар ұшағына найзағай түсті

12 Ақпан 2020, 09:40
1477
Бөлісу:
Британияда жолаушылар ұшағына найзағай түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшқаннан кейін 3 минуттан соң Дублинге ұшып бара жатқан ұшаққай жай түсті. Қуанышқа орай, лайнерге зақым келмеді.

LAD Bible хабарлауынша, Ұлыбританияда қолайсыз ауа райында әуеге көтерілген жолаушылар ұшағына найзағай түсті. 

Aer Lingus лайнері Бирмингем әуежайынан Дублинге ұшып бара жатқан. Ұшақ өңірде Сиара дауылы салдарынан қолайсыз метеожағдай орнаған кезде ұшқан. Ауа райына қарамастан әуетасымалдаушы компания рейсті тоқтатпаған.
 
Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 3 минут өткен соң лайнерді найзағай соғады. Қуанышқа орай, әуе кемесі мен жолаушыларға еш зақым келмей Дублинге аман есен қонған.

Айта кетейік, өткен жылы Ресейде Союз зымыранын ұшырған кезде де кемеге найзағай түскен болатын. Сондай-ақ, 2018 жылы принц Гарри мен Меган Марклдің ұшағына да жай түскен болатын.



Өзгелердің жаңалығы