Бас жаңалықтар
Бразилияда 100 миллионнан астам адам екпе алды
14 Қазан 2021, 14:44 84

Бразилияда 100 миллионнан астам адам екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия үкіметі елде 100 миллионнан астам тұрғын толығымен екпе алғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл халықтың 62,5%-ын құрайды. 

Коронавирусқа қарсы иммундау сертификатына ие болғандардың қатарына вакцинаның екі дозасын алғандар және бір компонентті препаратпен вакцинацияланғандар кірді. 

Ал COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған азаматтар саны жалпы халықтың 93,7%-ын құрайды . 

Сондай-ақ, елдің денсаулық сақтау министрлігі бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 000-ға жуық жаңа жағдайы анықталғанын хабарлады.

Ал Ресейде екінші күн қатарынан коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың ең көп саны тіркелуде, тәулігіне мыңға жуық адам. Соңғы тәулікте COVID-19-дан 28 717 жаңа жағдайы анықталып, 984 науқас қайтыс болды. Ең көп өлім Мәскеуде – 72, Санкт-Петербургте – 65, Свердлов облысында – 39. Осыған орай, қалған өңірлер шектеулер енгізуді жалғастыруда. Аурудың өсуі вакцинацияның төмен деңгейімен байланысты болып отыр. 

Сондықтан Мәскеуде зейнеткерлерге вакцинация үшін сыйлықтар орнына ақша бере бастайды. Ал Мәскеу облысының билігі қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компанияларға қызметкерлерінің кемінде 80%-ын вакцинациялауды қамтамасыз етуді міндеттеді.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//