Борышкерлердің мүлкін өндіріп алуға «Сергек» жәрдемдеседі

22 Қаңтар 2021, 12:33
1865
Бөлісу:
Борышкерлердің мүлкін өндіріп алуға «Сергек» жәрдемдеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысы аясында өткен брифингте мәлім болды. 

2020 жылы мүлікті алу бойынша өсім екі есе, кейбір көрсеткіштер бойынша 2,5 есеге артты. Бұл 2019 жылы  бірқатар шараның қабылдануына қатысты жүзеге асырылды. 2019 жылы Әділет министрлігі мен сот орындаушылар палатасы, облыс әкімдіктерімен үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандумдар бойынша екі негізгі бағыт бойынша ынтымақтастық жүргізугі келістік, - деді ол. 

Министр айтқандай, борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша және оларды жауапкершілікке тарты бойынша келісім жүргізілді. 

Борышкерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ішкі істер органдарының белсенді қолдауы қажет. Осы орайда әкімдер мен ІІМ бізге жәрдемдесті. Бізде мүлікті тәркілеуден ғана емес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша да өсім бар. 2020 жылдың күзінде жеке тұлғадан жаңа Toyota Pradо көлігі алынды. БАҚ-та айтылды. Бұл жұмыс 2021 жылы да жалғасады, - деді ол. 

Өз кезегінде вице-министр Алмат Мадалиев өткен жылы бұл іс жандандырылып, жеке мүлік пен тұрғын үйлерді өндіріп алу бойынша көрсеткіш көбейіп отырғанын айтты. 

2021 жылы сот орындаушылардың жүйесін «Сергек» жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отырмыз. «Сергек» жүйесі бар қалаларда көлікті табу оңайырақ болады. Оларды борышкерлерден алу жеңлдей түседі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы