Болат Бақауов сотқа келді

27 Мамыр 2020, 10:52
1963
Бөлісу:
Болат Бақауов сотқа келді

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа байланысты сот отырысы басталды.

Бұрынғы шенеуніктің сот ісі Павлодар қаласының №2 қылмыстық сотында Skype бейнеконференциясы арқылы өтіп жатыр.  Бұл істі Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков қарайды.

Бақауовқа қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлімінің 3-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Осы іс бойынша жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік,  Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ұстаған еді. 17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты маңызды істің мән-жайын жариялады. 2019 жылдың қыркүйегінде Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаменті "AksuTransLogistic" ЖШС-де салыққа қатысты кешенді тексеріс жүргізген. Аталған "AksuTransLogistic" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы экс-облыс әкімі Болат Бақауовтың туысы Бақауов Р.Д. дейтін адам болған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Бақауов облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінен қосымша ақы сомасын 3-5 миллион теңгеге дейін төмендетуді талап еткен деген болжам жасады. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді.  Бір айдан кейін бұлтартпау шарасы бойынга үй қамауына ауыстырылды.  Бұған себеп -  экс-әкімнің денсаулығының нашарлауы болды.  Тергеу төрт айға жуық уақыт жүргізілді.
Өзгелердің жаңалығы