Блок постта құқық бұзғандар тиісті жазасын алады – ПД

18 Наурыз 2020, 10:33
2204
Бөлісу:
Блок постта құқық бұзғандар тиісті жазасын алады – ПД
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Блок посттар қаланың кіре берістеріне қойылады. Егер адамдар құқық бұзатын болса тиісті жазасын алады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, блок постқа келген адам мәселен әкімшілік құқық бұзса әкімшілік жауапқа тартылады, ал қылмыс жасаса қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен қатар, ол мұндай бекеттердің бәріне сергек камерасы қойылатынын айтты.

Оған түскен видеоның барлығы орталық жедел басқаруға келіп түседі. Бейне материалдың бәрі сол жерде сараптамадан өтеді және сол бойынша шешім шығарамыз, - деді Қанат Таймерденов. 

Сондай-ақ ол, қазір Ішкі істер министрінің бұйрығымен қаладағы Полиция департаменті қызметкерлерінің барлығы күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жеткізді. 

Қаладағы маңызы бар нысандардың бәрі қатаң бақылауға алынды. Қалада жиі қылмыс жасалатын орындар да бақылауға алынып отыр. Қосымша нарядтарды жіберіп, жаяу және автокөлікті шолғыншыларды да көбейттік, - деді ол. 

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова блок постта санитарлық қызмет өкілдері де жұмыс істейтінін айтты. 

Олар коронавирус анықтаған жағдайда науқастардың уақытылы оқшаулануы үшін керек. Блок посттың барлығына терможылытулар қойылады. Көліктегі адамдардың температурасы тексеріледі,-деді ол.


Өзгелердің жаңалығы