Біздің партияның артында Бекболат Тілеуханов та, басқасы да тұрған жоқ – Тоғжан Қожалиева

13 Қараша 2019, 15:21
5355
Бөлісу:
Біздің партияның артында Бекболат Тілеуханов та, басқасы да тұрған жоқ – Тоғжан Қожалиева
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Халыққа адал қызмет" партиясын құрып жатқан Тоғжан Қожалиева Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде партияның артында ешқандай күштер тұрмағанын айтты.

Жиын барысынада журналистер Тоғжан Қожалиева Бекболат Тілеухановтың келіні екенін айта келе, партияның артында қайынағасы тұрған жоқ па деген сауал қойған болатын.
Менің Тілеухановтар әулетіне келін болып түскеніме сегіз жылдай болды. Алайда 24 жасымнан бері қоғамдық істерге араласып, белсенділік танытудамын. Сондықтан өз көзқарасым, ұстанымым бар. Бір үйдегі адамдардың көзқарастары бірдей бола бермейді. Артымызда ешқандай күштер тұрған жоқ. Кеше ғана біреулер біздің артымызда Қытай тұр деді. Енді бізге тек АҚШ пен Ресей тұр деу ғана қалды. Тіптен, біздің артымызда салафиттер тұр деген де сөздер айтылды. Біздің Конституциямыз бойынша, діни, нәсілшілдік тұрғыдан партия құруға тиым салынған. Бізге кінә тағатындар алдымен Конституцияны оқып алсын, - деп жауап берді Тоғжан Қожалиева.
Бұған дейін бастамашыл топ "Халыққа адал қызмет" саяси партиясын құратындарын мәлімдегенін жазған едік. 
Өзгелердің жаңалығы