Биыл шегірткеге қарсы күреске бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді

26 Қазан 2021, 17:23
17138
Бөлісу:
Биыл шегірткеге қарсы күреске бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады. Оның айтуынша, елімізде шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді.

Шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жөніндегі ағымдағы жағдайдың қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 11 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің
14 түрі таралған. Ал биыл үйірлі шегірткелер 640,8 мың га алаңда таралған. Оның ішінде итальяндық прус - 384,7 мың га, азиялық шегірткелер – 142,0 мың га және марокко шегірткелері – 114,1 мың га. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестері 239,0 мың га алаңда қаптады, - деп атап өтті Алмабек Барс.

Сондай-ақ комитет төрағасы шегірткелермен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтты.

Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,4 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы