Биыл сауда және интеграция саласында 755 жаңа жұмыс орны ашылады

15 Шілде 2020, 21:27
1676
Бөлісу:
Биыл сауда және интеграция саласында 755 жаңа жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шикізаттық емес тауарларды экспорттаушыларға қолдау көрсету қажеттігін ерекше атап өтті. Осыған орай ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі экспорт мәселесі туралы жазды.

Сауда және интеграция министрлігі құрылған сәтінен бастап қазақстандық шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға, сонымен қатар тауарлар мен экспорттық нарықтарды әртараптандыруға бағыт алды. Елімізде өндірілетін тауарлардың әлеуетті нарықтары мен әріптес елдердің нарықтарында экспортымызды ұлғайту мүмкіндіктеріне талдау жасалды. Біз басқа елдердің сатып алушыларымен тұрақты түрде келіссөздер жүргізе отырып, оларды біздің тауарларымызды сатып алуға шақырамыз. Пандемия салынған логистикалық тізбектерді бұзып, сауда процестерін айтарлықтай қиындатты - деді министр.

Министр сонымен қатар бұл жағдай жаңа бағыттарды да ашуда, соны дер кезінде пайдаланып үлгеруіміз қажет екенін атап өтті.

Мысалы, АӨК өнімдеріне келетін болсақ. Қытай өз нарығына АҚШ-тан келетін шошқа етін тоқтатқан кезде, қазақстандық шошқа өсірушілердің ҚХР-ға экспортын жолға қоюға мүмкіндігі бар. Оның үстіне, біздің қытайлық серіктестеріміз бұған бірнеше рет қызығушылық танытты. Айта кетер жайт, өткен жылы мен Германия және Швейцарияда іссапарда болған кезде, осы елдердің инвесторлары да Қытай нарағына қарай отырып осы салаға айрықша қызығушылық танытты. Қазір біз пандемияның кедергілерін ескере отырып ұлттық өндірушілепді осы мүмкіндіктермен таныстырудамыз. Біздің тауарлар бәсекелестерді ығыстыра алатын немесе "уақытша қол жетпейтін" ұсыныстарды ұйымдыстыра алатын бағыттары өте көп. Ең бастысы, уақытында үлгеру қажет - деді Бақыт Сұлтанов.

Пандемия мен шектеулер кезінде мұны іске асыру қиынға соғады, бірақ бар күш-жігерімізді салып істеуіміз қажет.

Биылғы көктемде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артқаны қуантады. Күнбағыс және рапс майының сатылымы жартылай, соя күнжарасы 3,3 есеге, ұсақталған күріш 2,2 есеге өсті. Жаңа нарықтарда отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ағымдағы жағдайды барынша тиімді пайдалану үшін біз экспорттаушыларға тиімді қолдау шараларын көрсету қарқынын бәсендетпеу маңызды. Біз басым бағыттар бойынша шикізаттық емес экспортты жедел ілгерілету жөніндегі жобаны бастадық. 16 тауар позициясы анықталды, олар үшін 2025 жылға қарай қосымша 13,5 млрд АҚШ долларға дейін арттыру жоспарлануда. Біз бизнеспен және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бастамалар қарталарын жасап, жақын арада оларды жүзеге асыруға кірісеміз - деді ол.

Бірақ бұл әзірге жоспар. 

Ал әзірше ағымдағы жағдай мынадай: алты айда 52-ден астам экспорттаушы-өндіруші (Қазақстанның барлық аймақтарында) KazakhExport-тың қолдауына ие болды, олардың ішіндегі 13-і алғаш рет қолдау алды. Экспорттық-кредиттік агенттік қызметін басталғаннан бері машина жасау, металлургия, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен (ет өңдеу, жұмыртқа өндірісі, көкөніс өндірісі және т.б.) сияқты салаларда 120-ға жуық кәсіпорынға қолдау көрсетілді. Отандық өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындарын өтеу үшін: 71 экспорттаушының 125 өтініміне қолдау көрсетілді, оның басым бөлігі-тамақ өнімдерін өндірушілер. Бұл біздің тағам өнеркәсібі өнімдерінің шетелдік нарықтардағы қажеттілігін тағы да дәлелдейді. (Атап өтсек, осы қолдауды алған компаниялардың (44%)жартысына жуығы өнім экспортының көлемін орташа алғанда 41%-ға ұлғайтты. 33% (59 компания) жаңа нарықтарға шығу үшін өтелген қаражатты жұмсады, ал 23% (44 компания) тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды ретке келтірді) - дейді министр.

Ол осы жылы біз үшін басты әлеуметтік-экономикалық нәтиже - 755 жаңа жұмыс орнын ашу екенін айтты.

Сондай-ақ, шикізаттық емес экспортты дамыту мақсатында және короновирус пандемиясының салдарынан экспорттаушыларды қолдау үшін қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілуде. Жаңа ережерлерге сәйкес жоғары технологиялық өнім өндірушілердің жұмсалған шығындарының 80% - на дейін өтелетін болады. Тамақ өнеркәсібі саласында экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру басталды. Бүгінгі таңда 40-қа жуық компания өздерінің экспорттық дайындығын "толықтыруға" және дайын сапалы өнімідерін көрші елдердің нарығына шығуға ниет білдіруде. - деді Бақыт Сұлтанов.
Өзгелердің жаңалығы