Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған парад бола ма?

18 Сәуір 2021, 16:06
2582
Бөлісу:
Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған парад бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты журналистердің сұрақтарына Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Ғалымжан Жұмабаев жауап береді.

Өткен жылы Жеңістің 75 жылдығы пандемияға байланысты кең көлемді аталып өтпеді. Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы тойланбақ. Осыған орай алдағы Отан қорғаушылар мен Жеңіс мерекесіне орай елімізде әскери парад өте ме?

Еліміздің Тәуелсіздігі аясында биыл көптеген шара жоспарланды. Соның ішінде осы мамыр айында аталып өтетін Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсетуге ұласатын Жеңіс мерекесі де бар.  Алайда мерекелік шаралардың барлығы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып аталып өтеді. Ал Отан қорғаушылар күнінде жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін парад биыл ұйымдастырылмайды. 7-мамырда еліміздің барлық аймақтарында отан қорғаушылар құрметіне арналып шаралар жергілікті басқару органдардың ұйымдастыруымен өтеді. Ашық есік күндері, жас сарбаз қозғалыстары өтіп, үздік әскери қызметшілер марапатталады, - деп жауап берді Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Ғалымжан Жұмабаев.

Өзгелердің жаңалығы