Биыл нақты жалақының мөлшері 221 мың теңгеге дейін өседі - Мамин

27 Сәуір 2021, 10:06
4418
Бөлісу:
Биыл нақты жалақының мөлшері 221 мың теңгеге дейін өседі - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде жалақсының мөлшері 10%-ға, яғни 221 мың теңгеге дейін артатынын айтты.

Халықты жұмыспен қамту Үкіметтің маңызды міндеті. Пандемияны ескере отырып кешенді шаралар қабылданды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасының құралдары күшейтілді. Биыл «Жұмыспен қамтудың» жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға назар аударылды, - деді Үкімет басшысы.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасымен 158 мың адам қамтылды.

Биыл жұмыспен қамту шараларымен 1,2 млн адам қамтылады. Нақты жалақының мөлшері 10%-ға, яғни 221 мың теңгеге дейін артады деп жоспарлап отырмыз. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспайды. Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс қарқыны жақсы, - деп айтты ол.

Мамин өзге өңірлер де осы бағытта жұмысты белсенді жалғастыруы керек екенін айтты. Айтқандай, ол үшін барлық қажетті құрал мен ресурстар бар.

«Бастау» бизнес жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Биыл 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. «Атамекен» палатасы Еңбек министрлігімен бірлесіп білім алушылар санын көбейтсін, - деп тапсырма берді Премьер-министр Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы