Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордада МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте айтты.
Биыл республика бойынша ЭКО алуға квота саны 10 есеге көбейтілді. Елордада былтыр 2020 жылы 86 квота бөлінсе, биыл 486 квота бөлініп отыр. Ол ЭКО мен бедеуліктен емделу бойынша жүзеге асырылады. 486 квотаның 385-інің иелері анықталды. Денсаулық сақтау басқармасы аясында жұмыс тобы құрылды. Олар бедеулігі бар әйелдерді іріктеу мен медициналық ұйымдарға бағыттауды жүзеге асырады, - деді ол.
Рүстемова айтқандай, репродуктивтілік қосымша технологиялары бар медициналық мекемені әйелдер өздері таңдайды.
Ел бойынша ондай мекеме саны - 27. Елордада ондай 4 ұйым бар. Квота бөлінген кез келген әйел республика бойынша 27 мекеменің ішінен ЭКО жасайтын нысанды өзі таңдап алады, - деді ол.
Әлия Рүстемова ЭКО жасауға кімдер қатыса алатынын айтты.
Квотаға қатысу үшін әйелдердің жасы 18-40 болуы керек. Онда бедеулік анықталуы керек. Бұл 1 жылға дейін жүкті болмауымен анықталады. Әйелдің дені сау болуға тиіс. Себебі бізге мидың обыры бар әйелдер келеді. Біз оларға квота бермейміз. Себебі процедураларды организм көтере алмауы мүмкін. Былтыр 86 квотаның 30 пайызында тиімділік болды. 385-тің ішінде 34 пайыз тиімділік көрсетті, - деді ол.
Рүстемова айтқандай, ЭКО квотасын алғысы келетіндер, тіркеу бойынша емханаға жүгінуі керек.
Учаскелік дәрігер оны гинекологқа бағыттайды. Егер проблема болса, оны Отбасыны жоспарлау орталығына бағыттайды. Ол жердегі мамандар ағзаны зерттеп, комиссияға жіберіледі, - деді ол.Бұған дейін коронавируспен ауырғандарды оңалтатын тегін шипажайлар анықталғаны хабарланды.