Бас жаңалықтар
Биыл қанша тонна астық жиналады?
29 Қаңтар 2019, 16:32 1069

Биыл қанша тонна астық жиналады?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл қанша тонна астық жиналатынына қатысты болжам жасады.

«Экспорттық әлеуетімізді 9 млн тонна (бидай мен ұн – автор) бағалап отырмыз», - деді ол Астанада өткен брифингте ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ директор маркетингтік жыл осы жылдың 1 шілдесінен келер жылдың 30 маусымына дейін жалғасатынын атап өтті.

«Экспорт бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Өткен жылмен салыстырғанда 2018-2019 маркетингтік жылы біз астық эквивалентінде 1,2 млн тонна бидай мен ұн бар. Осы жылдың 20-қаңтарында (бидай мен ұн – автор) экспортының көрсеткіші 6,8 млн тоннаны құрады. Бұл маркетингтік жыл бойынша», - деді департамент директоры.

Сонымен қатар, ол 2018 жылы астық эквивалентінде экспортқа 11,6 млн тонна бидай мен ұн экспортқа шығарылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш екен.

Осы орайда Азат Сұлтанов биыл қанша тонна астық жиналатынына болжам жасады.

«Ылғалдылық деңгейі жақсы. (Диқандарға – автор) сапалы тұқым береміз. Сондықтан астықтың жиналуы көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін», - деді департамент директоры.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан 22,8 тонна астық жинаған.

Дәурен Ерболат

Сізден жаңалық