Бірнеше транзит орын алған дәуірде өмір сүріп жатырмыз – саясаттанушы

3 Қыркүйек 2021, 16:28
1603
Бөлісу:
Бірнеше транзит орын алған дәуірде өмір сүріп жатырмыз – саясаттанушы
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сараптамалық талдау алаңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым айтты.

Сондай-ақ белгілі саясаттанушы Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды сөз етті. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы айтқан «аймақтық көшбасшылық» туралы пікірін ортаға салды.

Біз бірнеше транзит орын алған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Атап айтар болсақ, посткеңестік транзитті аяқтадық, мұнай дәуірін тәмамдадық, капиталды бастапқы жинақтау дәуірін бітірдік. Сәйкесінше, қазір демографиялық, урбандалу секілді жаңа форматқа ауысудамыз, - деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, мәселен, әкім билігін жүргізу үшін Үкіметпен жақсы қарым-қатынаста болғаны жеткілікті болса, енді ол бұдан былай келмеске кетеді.

Президент Жолдауда айтып кеткендей, билік бизнеске кедергі келтірмейді. Себебі бізде азаматтарға арқа сүйейтін экономика болады. Екіншіден, бүгін әкімдер кәсіпорындарды кеңейту арқылы салықтық базаны көбейтуді және инвесторды қалай тартуды ойлаулары тиіс. Жағымды жағдай жасау мен инфрақұрылымдық жобалар ұсынуды жетілдірулері қажет, - деп атап өтті Айдос Сарым.

Ол мәселе қаражаттың көптігі емес, жобаның жоқтығында деп отыр. Егер біз үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, белсенділік танытатын әкімдердің формасын құра алсақ, бәрін еңсеруге боламыз дейді саясаттанушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты пандемия кезіндегі «бэби-бум» туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы