Ұлттық кеңес билік пен халық арасындағы көпір болатынына сенемін – кеңес мүшесі

17 Шілде 2019, 17:38
2739
Бөлісу:
Ұлттық кеңес билік пен халық арасындағы көпір болатынына сенемін – кеңес мүшесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына енген қоғам қайраткері Жәнібек Қожық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы атқаратын жұмыстары туралы айтты.  

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билік пен халық арасындағы алтын көпір болады деп сенемін. Үміттеріміз көп. Кеңеске кіргеннен кейін мемлекетке де, халыққа да мәселелерді, ірі жобаларды ұсынып, талқылап, жеткіземіз. Көптеген ұсыныстарға атсалысамыз деп ойлаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді. Ең бастысы мемлекетіміз де өзгелермен терезесі тең болса, өркениет көшінен қалмасақ деген ниет. Қолымыздан келгенше атсалысамыз», - деп айтты қоғам қайраткері. 

Айта кетейік, бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес туралы Жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ, Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны қашан өтетіні белгілі болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қалай іріктелгенін айтты
Өзгелердің жаңалығы