Бейсенбі, 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

25 Маусым 2020, 08:36
1249
Бөлісу:
Бейсенбі, 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 25 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

25 маусым күні Қазақстан аумағының оңтүстік бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Соған орай, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік бөлігі Солтүстік циклонның және сонымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болатындықтан жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел тұрады, солтүстікте дауыл болуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы