Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілде күні республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Кей жерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей бөліктерінде жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан, Қызылорда облыстарының бірқатар өңірінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады. Қызылорда облысында жел күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының бірқатар өңірінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метр болады.
Қарағанды облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Күндіз Алматы облысында, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.