Бейрут портындағы жарылыс елге қанша шығын келтірді?

5 Тамыз 2020, 16:33
2357
Бөлісу:
Бейрут портындағы жарылыс елге қанша шығын келтірді?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтер бойынша, елде оқыс оқиға салдарынан жүзден астам адам қайтыс болып, төрт мыңға жуық адам жарақат алған.

Бейрут губернаторы Марван Аббуд порттағы жарылыстың шығынын 3-5 миллиард доллар шамасында бағалады. Бұл туралы Ливанның lbci News жаңалықтар порталы хабарлады.

Шығын мөлшері үш-бес миллиард долларға жетеді, одан да көп болуы мүмкін. Бейруттың жүздеген тұрғыны баспанасыз қалды, - деді губернатор. 
Еске сала кетейік, сейсенбі күні кешке Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Биліктің хабарлауынша, жарылысқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

Төтенше жағдай салдарынан қала ғимараттарының жартысы зақымданып, зардап шеккендердің көптігінен ауруханалар толып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, жүзден астам адам қайтыс болып, төрт мыңға жуық адам жарақат алған. Бірқатар адам әлі де жоғалып кеткендер санатында.

Ливан Үкіметі трагедия құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.

Айта кетейік, жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алған болатын, алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров консулдың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы