Ливандағы жарылыс. Қазақстандық консулдың жағдайы жақсы

5 Тамыз 2020, 10:59
2429
Бөлісу:
Ливандағы жарылыс. Қазақстандық консулдың жағдайы жақсы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі Бейруттегі жарылыстан жапа шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

Консулдың жағдайы жақсы, жұмысына кірісіп те кетті. Өзге қазақстандық азаматтар жарақат алған жоқ. Барлығы аман-есен, - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

 Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбіні Бейруттағы жойқын жарылыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні деп жариялады.
Өзгелердің жаңалығы