Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен кездесті

24 Қазан 2019, 21:52
2574
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Шымкент тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге қала әкімі Ерлан Айтаханов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Сапардың басты мақсаты – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру. Бердібек Сапарбаев баяндамасында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала аясын қамтыды.

сап1.jpg

Вице-премьер мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және оның аясын кеңейтуге ерекше мән беретінін атап өтті. Оған республикалық бюджеттің 45 процентінің әлеуметтік салаға бағытталуы дәлел. Сапарбаев мемлекеттік көмек шынайы мұқтаж жандарға көрсетілуі тиіс екенін және осы орайда Үкімет заңға тиісті өзгертулер енгізетінін айтты.

"Қоғамдық келісім бар жерде оң нәтиже мен өсіп-өркендеу болады. Президент осы бағытқа ерекше назар аударуда. Яғни қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру керек. Яғни бұл мемлекет пен қоғам арасындағы диалог. Әрбір азаматтың өтініші мен арызы жауапсыз қалмауы керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

сап6.jpg

Ол қоғамдық кеңес жұмысының белсенділігін арттыру жолында формализмнен құтылу керектігін баса айтты.

Өзгелердің жаңалығы