Бензин бағасы бойынша Қазақстан 26 елдің ішінде бірінші орында тұр

23 Шілде 2021, 16:28
5311
Бөлісу:
Бензин бағасы бойынша Қазақстан 26 елдің ішінде бірінші орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бензин бағасы бір жылда 14%-ға қымбаттады. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда арзан. Дегенмен energyprom.kz-тің жазуынша, бензин өндірісі бір жылда 5%-ға артты.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізде 1,9 млн тонна бензин өндірілді, оның ішінде авиациялық бензин бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,6%-ға артық.

Павлодар облысында өткен жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда бірден 38,6%-ға артық бензин шығарылды. Мұнда Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) орналасқан.

Атырау облысына жылына 418,5 мың тонна өндірді, яғни 13%-ға төмен. Өңірде Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жұмыс істейді.

Осы жылы ҚР Ұлттық статистика бюросы еліміздің үшінші ірі МӨЗ — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПКОП) жұмыс істейтін Шымкент бойынша нақты деректерді ұсынған жоқ. Есептеулер бойынша, Шымкентте және еліміздің өзге өңірлерінде шамамен 749 мың тонна бензин өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 6%-ға кем.

Жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша бензин нарығы толығымен отандық өндіріспен қамтамасыз етілді. Импорт үлесіне сұраныстың 0,03%-ы немесе бензиннің 0,4 мың тоннасын құрады.

Осы кезеңде экспортқа 100,5 мың тонна бензин жөнелтілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 32,4%-ға аз. Экспорттың үлесі ресурстардан 10,2%-дан 6,5%-ға дейін қысқарды.

Ішкі нарықта сату, керісінше, 10%-ға, яғни 1,4 млн тоннаға дейін өсті.

Picodi.com деректеріне сәйкес Еуропа мен ТМД елдері арасында бензинді Қазақстанда сатып алу арзанға түседі. Мұнда 2021 жылдың бірінші жартысында отынның орташа бағасы 185,51 тг (0,43 АҚШ долл.) құрады. Қазақстан рейтингке енген 26 елдің ішінде 1-орынды иеленді. Ең қымбат бензин Финляндияда - 1,90 АҚШ доллары.

Сонымен бірге бензин индексі, яғни жалақыға сатып алуға болатын бензин мөлшері бойынша Қазақстан бірден 6 елге жол беріп, 26 елдің ішінен 7-орынды иеленді. Орта есеппен алғанда әрбір қазақстандық орташа жалақыға (салықтарды шегергенде) бір жыл бұрынғы 923 литрге қарағанда 1015 литр бензин сатып ала алады.

Рейтинг көшбасшылары қатарында Германия (1786 литр), Швеция (1771 литр) және Финляндия (1589 литр) бар.

ТМД елдері арасында Ресейде жалақыға 938 литр бензин, Беларусьте - 637 литр, Әзірбайжанда - 561 литр, Молдовада - 358 литр, Қырғызстанда - 355 литр, Өзбекстанда - 317 литр, Арменияда - 309 литр, Тәжікстанда - 167 литр сатып алуға болады.

Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша бензин бағасы жылдық динамикада 13,6%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе бағаның өсуін Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары 17,2%, 17% және 16,5%-ға сезінді.

АИ-98 12,7%-ға, АИ-92 - 13,6%-ға, АИ-95/96 - 14,4%-ға қымбаттады.

Елдің ЖМҚС-да АИ-92 бензинінің орташа бағасы 171,5 теңге, АИ-95/96 - 196,5 теңге, АИ-98 - 215,3 теңге литріне.



Өзгелердің жаңалығы