Белгілі жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

25 Қыркүйек 2021, 00:07
3051
Бөлісу:
Белгілі жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі жазушы, журналист Заман Төлеуов қайтыс болды. Бұл туралы журналист Қалмахамбет Мұхаметқали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Заман Самалбекұлы Төлеуов – 1949 жылы 10 шілдеде Андрееев ауданы (қазіргі Алакөл) ауданы, Қызыләскер ауылдық кеңесіне қарасты Тастұма ауылында дүниеге келген.  

«Сарқан» аудандық газетінде қазақ бөлімінің редакторы, «Алайда» ақпараттық газетінің бас редакторы, К. Қазыбаев атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйінің директоры, «Ұлағат» қоғамдық қорының төрағасы қызметтерін атқарған. Өлкетанушы. «Қойлығым құтты мекенім» атты тарихи-танымдық және бірнеше көпшілікке арналған кітапшалардың авторы. «Әдебиет» порталының белсенді блогері.  

2007 ж. «Нұр Отан» ХДП-сы төрағасы Н. Назарбаевтың «Алғыс хаты» алған. Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бірнеше мәрте ақшалай-заттай және марапат қағаздарына ие болған.

М.Тынышпаевтың 130 жылдық мерейтой медалінің иегері. 2007 жылы Алматы облысы әкімінің журналистика саласы бойынша байқауының жүлдегері.

2017 жылғы халықаралық «Үздік адамдар» бағдарламасы энциклопедиясының номинанты.

2017 жылы «Ауылым – алтын тұғырым» республикалық әдеби байқауының «Үздік драматургия номинациясы» бойынша II дәрежелі диплом иегері.

Өзгелердің жаңалығы