Бекшин жұқтыруды төмендету үшін оқшаулануға шақырды

7 Қаңтар 2021, 12:22
2020
Бөлісу:
Бекшин жұқтыруды төмендету үшін оқшаулануға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты. 

Азаматтардан мәжбүрлі шараға түсінікпен қарауға және вирустың таралуы тоқталғанға дейін оқшауланудан бас тартпауға сұраймыз. Жұқтыруды төмендету үшін, вирустың таралуын тоқтату үшін бұрынғыдай үй жайлары мен ашық ауада, адам көп жиналатын орындарға бармауды және маска тағу режимін сақтауды сұраймыз. Байланыста болған азаматтар үйде қалып, тегін негізде тексерістен өту үшін өздері тіркелген емханаларға хабарласуы керек, - деді Бекшин. 

Сондай-ақ ол респираторлық вирус белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыруға кеңес берді. 

Қарт адамдарға аса қажет болмаған жағдайларда үйлерінен шықпауға шақырамын, - деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы