Бекшин Алматыда қатаң шектеу шаралары қолданылатынын мәлімдеді

20 Наурыз 2021, 19:20
2741
Бөлісу:
Бекшин Алматыда қатаң шектеу шаралары қолданылатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитары қалада коронавирусқа байланысты қатаң шектеулер енгізілетінін айтты.

Атап айтқанда:

- Сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлар жұмысын тоқтатады. Азық-түлік сатпайтын дүкендер жұмысына шектеу қойылды. Енді олар 10.00-нан 20.00-ге дейін істейді;

- Шаштараздар мен салондар тек алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Ал маникюр, педикюр мен косметологиялық қызмет көрсету уақытша тоқтатылады;

- Қонақ үй, демалыс орындары тек 50 пайыз толымдылық болған жағдайда ғана қызмет ете алады;

- Ал қоғамдық тамақтану орындарынан тамақты тек алып кетуге болады немесе жеткізу қызметіне жүгіну қажет;

- Жұмыс күндері қоғамдық автобустар мен қала маңына қатынайтын маршруттар кесте бойынша жұмыс істейді. Ал демалыс және мереке күндері 06.00-дан 10.00-ға дейін және 17.00-тен 22.00-ға дейін істейді.

Сонымен қатар фитнес-орталықтарының жұмысы мен Медеу мұз айдынында сырғанауға тыйым салынды.

Аталған қаулы ертеңнен бастап күшіне еніп, 28 наурызға дейін қолданыста болады.


Өзгелердің жаңалығы