Бас жаңалықтар
Бауыржан Исламхан допинг-тестен өтпей қалды
15 Қараша 2020, 00:36 2633

Бауыржан Исламхан допинг-тестен өтпей қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханның допинг-тестен өтпей қалуына байланысты мәлімдеме жасады.

Ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханмен телефон арқылы сөйлестім. Ол клуб дәрігерінің нұсқаулығын орындағанына сендірді. Сондай-ақ Бауыржан кез келген тексеруден өтіп, қажетті анализді тапсыруға дайын екенін хабарлады. Қазақстанның футбол федерациясы клубқа болған жағдайдың түсіндірілуі керектігі жөнінде ресми хат жолдады. Футболшының өз пайдасына қарай жағдай оңынан шешілер деген үміттеміз. Өз тарапынан федерация Бауыржан Исламханды толығымен қолдайды. Көмектесуге дайын, - деп жазды Азамат Айтқожин Instagram парақшасында. 

Еске сала кетсек, Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Ұлттар лигасы ойындарына қатыспайтыны бұған дейін хабарланған болатын. Қазақстанның футбол федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншысы алдағы матчтарға қатыса алмайды. Олардың қатарында Бауыржан Исламхан да бар. 

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағынан тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды, - деп хабарлама таратты Қазақстан футбол федерациясы. 

Бас бапкер қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбайды шақыртты.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bauyrzhan-islamhan-kez-kelgen-tekseruden-otuge-dayyn-kff-bas-hatshysy_a3718714


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...