"Баспана Хит": Мөлшерлемелер төмендетілді

21 Шілде 2020, 12:15
2053
Бөлісу:
"Баспана Хит": Мөлшерлемелер төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның орнықтылық қоры, 21 шілде. "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді деп хабарлайды Қазақстанның орнықтылық қоры.

Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9%-ға дейін төмендету бойынша шешімін жариялауы нәтижесінде болды. "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты болатынын (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі +1,75%) еске саламыз, - делінген хабарламада.
Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа қарыз алушыларға ғана қатысты болады.

"Баспана Хит" бағдарламасының талаптарына сәйкес 300 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр, бүгінгі таңда оның 224 млрд теңгесі игерілді.

Өзгелердің жаңалығы