Қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина 5 жастан асқан балаға салынады?

10 Қараша 2021, 11:50
2011
Бөлісу:
Қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина 5 жастан асқан балаға салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, елімізде балаларға салынатын Comirnaty (Pfizer) вакцинасын 5 жастан бастап салуға болады.

Бүгінде елімізде тіркелген нұсқаулыққа, яғни Comirnaty (Pfizer) вакцинасының нұсқаулығына сәйкес вакцинация 12 жастан басталады. Бірақ бір нәрсені айта кеткім келеді. Қазір өндіруші 5 жастан бастап балаларға салынатын екпені шығаруда. Америкада тіпті, басталып та кетті. Pfizer-дің өзі дозасын өзгерте отырып, 5 жастан бастап салынады. Егер өндіруші біздің органға, яғни ДЗЭҰО-на тіркеуге сәйкес құжаттар енгізсе, нұсқаулықты 5 жастан бастайды. Бұл осы жастан асқан балаларды вакцинациялауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Үкімет отырысының кулуарында.

Алайда бүгін республикада бекітілген нұсқаулық бойынша коронавирусқа қарсы екпе 12 жастан асқан балаларға салынатыны белгілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирусқа қарсы екпе қанша балаға салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы