Бас жаңалықтар
Бас прокуратура: Түрмеде отырғандар саны 3 жылда 6000-ға азайған
17 Наурыз 2019, 15:48 816

Бас прокуратура: Түрмеде отырғандар саны 3 жылда 6000-ға азайған

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 14 наурыздағы жағдай бойынша қылмыстық саясатты зерттеу институтының («ICPR» - Ұлыбритания) жаңартылған деректеріне сәйкес Қазақстан түрмеде отырған адамдардың халықаралық рейтингінде Сингапурдан, Израильден, Австралиядан және Еуроодақтың бірқатар елінен (Чехия, Польша, Словакия, Венгрия, Балтық жағалауы) озып, позициясын 83-тен 95-ке дейін жақсартты. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оған Мемлекет басшысының қылмыстық процесті ізгілендіру және репрессивтілікті төмендету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру ықпал еткен.  

Осы жұмыс шеңберінде 2016-2018 жылдар аралығындағы кезеңде қылмыстық заңнаманы жаңғыртуға бағытталған 8 Заң қабылданды.

Бас бостандығынан айыруға балама жаза шараларын қолдану саласы кеңейтілді, жазалау бағыты айтарлықтай төмендетілді, мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі ұлғайтылды.

Нәтижесінде соңғы үш жылда қамаудағылар саны 36-дан 30 мыңға дейін азайды (2016 ж. – 36 360, 2017 ж. - 35 805, 2018 ж. - 30 798). 

Ізгілендіру, криминогендік жағдайдың нашарлауына әкеп соққан жоқ. 

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеу өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға (316 мыңнан 292 мыңға дейін), соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар - 19%-ға (26 мыңнан 21 мыңға дейін) төмендеді.  

Сондай-ақ ұрлық (7%-ға), тонау (15%-ға), қарақшылық (16%-ға), зорлау (14%-ға), бұзақылық (23%-ға) азайды.

Сонымен қатар азаптау, ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, терроризм және кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді.

Әлденеше рет қасақана мүліктік қылмыс жасаған адамдарға қатысты жазадан бұлтартпау қағидаты күшейтілді.

Загрузка...

Сізден жаңалық