Бас жаңалықтар
Бас мүфти: Имамдарға тұрақты жалақы тағайындалса
06 Қараша 2019, 11:24 710

Бас мүфти: Имамдарға тұрақты жалақы тағайындалса

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай ұсынысты ҚМДБ бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз елордада өтіп жатқан Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумы барысында айтты.

Қоғамның ағартушы бөлігіне айналып отырған имамдардың тынымсыз еңбегін ескеріп, оларды да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, жүзге жуық түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне. Бұл адам тағдырына жауапкершілікпен қарап, есеп үшін емес елдің игілігі үшін қызмет етіп жүрген дін қызметкеріне деген қамқорлық, жұмысына берілген әділ баға болар еді, - деді бас мүфти.
Сонымен қатар, бас мүфти елімізде ақсақалдар институты рөлінің маңызын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қазақ халқы қашанда қариясының дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған. Жастарға қой деп қожа бола білетін ақсақалдарымыз жат ағымға кеткен жандарға жөн сілтер еді.
Осы бағытта өңірлердегі болыстық мешіт жанындағы ақсақалдар алқасы мен ауыл, аудандардағы билер кеңесі үлкен құрал бола алады деп ойлаймын. Орталық Азиядағы және Қазақстандағы тарихи  қалыптасқан діни мектебіміз бен ұстанымыз Әбу Ханифа мәзһабын және сол кісінің мұрасын насихаттауымыз керек. Ол жөнінде біздің медреселеріміз де, Нұр-Мүбаракуниверситеті мен имамдар білімін жетілдіру Ислам институттарында да және имамдардың күнделікті жұмысында да осы туралды насихаттар жасалу керек. Себебі, теріс бағыттағы түсініктің аясында жүрген кейбір азаматтарды; «Біздің әуелбастан кемел, мұсылман болмағанбыз. Біздің санамызға шынайы ислами таным-түсінік 1990 жылдары ғана қалыптасты» деген жалаң түсінік қалыптастырып жүрген жандарға нақты, тарихи негізге сүйену арқылы діни мұрамызды насихаттауымыз керек, - деді елордада өтіп жатқан Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында бас мүфти.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...