Бас жаңалықтар
Барлығы отбасынан басталады –  Әбілдина
01 Маусым 2020, 15:45 125

Барлығы отбасынан басталады – Әбілдина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларды қорғау күні  мерекесінің басты мағынасы – балаларды  тұрмыстық зорлық-зомбылық пен бақытсыз отбасылардан қорғау. 

Бақытты отбасы – бақытты бала. Отбасындағы қарым-қатынас кезінде ата-аналар бір-бірін тыңдап үйренуі керек. Ажырасқан отбасы болса да, бала үшін қолайлы орта құру керек. Бұл туралы "Danalyq" отбасылық құндылықтарды дамыту институтының жетекшісі Дана Әбілдина айтты. 

Ата-аналар бала бақытты болуы үшін ең алдымен "тыңдай" білуі керек. Бақылау көрсеткендей, ата-ана бақытты болып, отбасында үйлесім болса, бала да бақытты болады. Үлкендер өз проблемаларын балалардың назарынан тыс шешкен кезде ғана бала бақытты бола алады. Балалар ештеңе түсінбейді, білмейді деп ойлау  өте үлкен қателік. Олар барлығын сезеді. Баламен толыққанды ересек адаммен  сөйлескендей тілдесу қажет. Себебі, ғалымдар балалардың  терең сезіммен дүниеге келетінін айтады, - деді Дана Әбілдина. 

Оның айтуынша, балаларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдап үйрену керек. 

Бала заң бойынша өз құқығына ие болатын жасқа, яғни 16-ға толғанға дейін ата-ана оның қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуі керек. "Danalyq" орталығы әлі де жас, ең алғашқы қадамдарын енді жасап жатыр. Дегенмен, толық бір институт құру қажеттілігі бұрын туындаған. "Біз отбасы институты қандай болуы керек?"  деген сұраққа жиі тоқталдық. Біздің дәстүрімізде отбасы институтын құруға бағытталған барлық алғышарттар бар. Алайда, заман өзгереді. Адамның санасы да өзгеріске ұшырайды, - деді ол. 
Сонымен қатар, сарапшы үйлесімі бар отбасы қандай болатынын тілге тиек етті. 

Бұл отбасындағы әр мүшенің жеке бақытты, толық, эмоционалды және физикалық тұрғыда сау болуы. Біздің институт жұптардың құрылуы мен дамуына психологиялық тұрғыда көмек көрсетеді. Институт үш негіз бойынша дамиды. Ол: сау отбасы, сау ұлт, сау экономика. Осы бағыт бойынша тыңғылықты жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...