Балаларын аяусыз ұрған әкенің әрекеті тексеріліп жатыр

4 Қазан 2020, 19:15
3195
Бөлісу:
Балаларын аяусыз ұрған әкенің әрекеті тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында үш баласын аяусыз ұрып-соққаны әкенің видеосы әлеуметтік желіге лезде тарады.

Журналист Жазира Бегалы  Facebook-тегі парақшасында балаларын аяусыз ұрып жатқан ер адамның видосын жариялап, тиісті органдардан көмек сұраған еді.

Балаларын аяусыз ұрған әкенің әрекеті тексеріліп жатыр

Түркістан облысының Қазығұрт аудандық полициясы әйелі мен балаларын ұратын отағасына неге жаза қолданбай отыр? Біздің елде отбасында зорлық-зомбылық жасайтын осындай жауыздарға қашанғы жеңілдік жасалады? Осы ауданның Қызылқия ауылының тұрғыны Махаббат Сәдуақасқызы араша сұрайды. Күйеуі әйелін, сосын балаларын ұрады. Кеше келіншек үш перзентімен қашып, төркінін паналапты. Мына кадрларды көру мүмкін емес. Отағасы Ержан Дауырбаевтың жуан жұдырығынан қорғансыз ұлдарын, әйелін кім қорғайды? Полиция екі рет жәбірленушінің арызын неге қабылдамай тастаған?, – деп жазды ол.

Осы оқиғаға қатысты Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі ресми жауап жіберді. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша тіркеді. Күдікті азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы