Бағдат әуежайының маңында бірнеше жарылыс болды

3 Қаңтар 2020, 10:34
4037
Бөлісу:
Бағдат әуежайының маңында бірнеше жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежайының ауданында 3 қаңтарға қараған түні зымыранмен шабуыл жасалды. 

Бағдаттағы халықаралық әуежай маңындағы әскери базаға жұмаға қараған түні төрт рет зымыранмен оқ атылды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.

Шабуыл салдарынан Ирактың 12 әскері жарақат алған. Бір тұрғынның көлігіне зымыран түсіп, қаза тапқан. 

Жарылыстан кейін Бағдат әуежайы жабылды.

Арабиялық БАҚ деректеріне сүйенсек, шабуылдан кейін сол аймақта АҚШ-тың әскери тікұшақтары көрінген. 

Айта кетсек, 31 желтоқсанда Иракта америкалық соққыларға қарсы наразылық акциясына қатысушылар АҚШ елшілігінің территориясына басып кірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы