Қырғызстандық 4 мыңға жуық бағалы телефонды заңсыз алып кірмек болды

23 Қыркүйек 2019, 11:07
1837
Бөлісу:
Қырғызстандық 4 мыңға жуық бағалы телефонды заңсыз алып кірмек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы тауарына ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Көрші мемлекеттен біздің елімізге қарай келе жатқан азаматтың жекеменшік «ДАФ» автокөлігін арнайы техникалық құралдар көмегімен тексеру барысында шекарашылар жалпы саны 3865 дана әртүрлі маркалы (iPhone 906 дана, әртүрлі модельді Samsung – 2310 дана, Redmi – 205 дана, Huawei – 380 дана, Vertu – 64 дана) қымбат ұялы телефондарды тауып алды», - делінген хабарламада.

Автокөлік жүгімен бірге экономикалық қылмыстарды тексеру департаментіне тапсырылды.

 


Өзгелердің жаңалығы