БҚО-да пара алды деп айыпталған полиция қамауға алынды

25 Тамыз 2020, 20:30
2135
Бөлісу:
БҚО-да пара алды деп айыпталған полиция қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында пара алды деп айып тағылған полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, патрульдік полиция батальоны саптық бөлімше қызметінің инспекторына қатысты ҚР ҚК 366-бабына (пара алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалған. БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы биылғы маусымда қылмыстық істі бітіріп, облыс прокуратурасына жолдаған. Қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін аталған қызметкер «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес ішкі істер органдарынан қуылды. 

Айта кетейік, қазіргі кезде іс Орал қалалық сотында қаралуда. Алайда, сот отырысына куәгерлер келмеген. Оларды мәжбүрлеп келтіру туралы шешім шығарылды. Оған қоса 21 тамыз күнгі отырысқа еркіндікте жүрген айыпталушының өзі келмеген. Сондықтан оның соттан бой тасалауы және куәгерлерге қысым жасауы мүмкін екендігін ескере отырып, айыпталушыны қамауға алу туралы қаулы қабылданды. 





Өзгелердің жаңалығы