Бас жаңалықтар
БҚО-да ер азамат өртеніп кетті
25 Қаңтар 2019, 11:18 1661

БҚО-да ер азамат өртеніп кетті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое кентіндегі үйлердің бірінде өрт болып, бір тұрғын қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.


  24 қаңтар күні сағат 09:05 облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне Бәйтерек ауданы Зеленое кентіндегі төрт пәтерден тұратын тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Қызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған. 

Өрт сағат 09:55 өшірілген. Мамандар оқиға орнынан 1967 жылы туылған ер азаматтың өртенген денесін  тапқан.

Қызыл жалынды ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 4 техника жұмылдырылған.

Үйдің өртенуіне темекі тұқылы себеп болған.

Дәурен Ерболат


Загрузка...

Сізден жаңалық